Рақымбеков Ердос

Аты-жөні: Рақымбеков Ердос Қанатұлы
Туған жылы: 28.01.1976ж.
Жанұясының жағдайы: үйленген, бес балам бар.
Білімі: 1993-1997ж. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің «Сәндік өнер» факультетінің «Ағаш және металды көркемдеп өңдеу» мамандығын тамамдадым.
1997-1999ж. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің «Сәндік өнер» факультетінің «Бейнелеу өнері», «Кескіндеме» мамандығын тамамдадым.
Жұмыс тәжірибесі:
1999-2000ж. «Болашақ» арнаулы орта мектебінде «Бейнелеу өнері» пәні бойынша мұғалімдік жұмысын атқардым.
2000-2001ж. «РИМ» жарнама агенттігінде «Суретші дизайнер» жұмысын атқардым.
2001-2012ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының «Дизайн және сәндік қолданбалы өнер» факультетінің, «Қолданбалы сәндік өнер» кафедрасында «Ағашты көркемдеп өңдеу» мамандығы бойынша жұмыс атқарамын.


• 2001 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10-жылдығына арналған Қазақтың ұлттық саз аспабы домбыра жасаушы шеберлерінің V-Республикалық үкілі домбыра байқауының дипломанты.
• 2003 жылы Қалмақ Республикасының Мәдениет Министрлігінің шақырылуымен Қалмақтың ұлттық музыкалық аспабын қалпына келтіру және шеберхана ұйымдастыру жөнінде «Почетная грамота Министерства культуры Республики Калмыкия» алғыс хат берілді.
• 2004 жылы Қазақтың ұлттық саз аспабы домбыра жасаушы шеберлерінің VI-Республикалық үкілі домбыра байқауының III-ші орын жүлдегері.
• 2009 жылы «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін» алғыс хат.
• 2010 жылы Қазақстан Респуликасының президенттік стипендиясының иегері.
• «Ортеке-2010» I-ші халықаралық дәстүрлі қуыршақ өнер фестивалі байқауының бас жүлдегері.
• 2010 жылы желтоқсан айының ішінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында желтоқсан оқиғасын еске алуға арналған ұстаздар мен студенттердің көрмесі өткізілді.
• Сәуір айының жиырма сегізінде еліміздің астанасында «Өнер-өрелі өсиет» атты тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығына арналып өткізілген көрмеге қатыстық. Көрме «Тұңғыш Елбасының қоры» көрме залында өткізілді.
• 2011 жылы 29-30 сәуір аралығында Ашхабат қаласында ұйымдастырылған «Түркі халықтарының мәдени мұрасы» атты халықаралық мәслихатына және фестиваліне қатысқаны үшін Түркіменістан Мәдениет және Телерадио Министрлігі атынан диплом.
• 2011 жылы 28-30 сәуір аралығында Ашхабат қаласында ұйымдастырылған «Түркі халықтарының мәдени мұрасы» атты халықаралық мәслихатына және фестиваліне қатысқаны үшін халықаралық Түрк мәдени ұйымы «Turksoy» төрағасы Д.Касеиновтің алғыс хатымен марапатталды.
• Қолынан шыққан Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары «Домбыра, Бас домбра, Прима домбра, Қобыз, Прима қобыз, Шертер, Жетіген, Дауылтпаз, Кепшік, Асатаяқ, Тоқылдақ, Тұяқ, Ортеке» және т.б. саз аспаптары Қазақ халқының әншілері мен күйшілерінің қолында (Мыңнан аса аспаптар).
Құрманғазы атындағы оркестр (домбыралар, қобыздар).
Тәттімбет атындағы оркестр (домбыралар, қобыздар).
Қазақстанның халық әртістері: Досхан Жолжақсынов, Мақпал Жүнісова,ЖанарАйжанова,АйгүлҮлкенбаева,ЕлмұраЖаңабергенова,Абдулхамит Раймбергенов,Ұлжан Байбосынова ,Ринат Зайтов, Ардақ Исатаева,ТілеулесҚұрманғалиев,НұржанЖанпейсов,(домбыралар).
Эстрадажұздыздары:«МУЗАРТ»МейрамбекБеспаев,«Нұрмұқасан» тобы, «Ұлытау» тобы (Ержан), «Аршын» тобы (Ержан), «Жадо» тобы (Абзал), «Жігіттер» тобы (Бағлан, Ердос), « Сақ »этно тобы (Ержан), «Тұран » этно тобы, «Тұмар» этно тобы, «Тарту » тобы, «Асыл» тобы , Мақпал Диқанбаева Мөлдір Әуелбекова, Айбек Бекбосынов, Заттыбек Көпболсынов, Саят Медеуов, (домбыралар).
Мұражайлар: Тұңғыш президенттің мұражайы (қыл қобыз), Атырау қаласындағы Дина Нүрпейсова атындағы мұражайы (домбыра), Қазақ қыздар педагогикалық университетінің мұражайы (домбыра, үш шекті домбыра, жетіген). Ресей президенті В.В.Путин мен Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев (қыл қобыз).